Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиешінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды – 1 ставка

  1. Орналасқан жері: Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 111200, Промышленная көшесі, 11, тел 87143334647, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  2. Конкурс тәрбиешінің бос лауазымына 25 сағатқа 117508 теңгеден еңбекақы төленеді. Негізгі функционалдық міндеттері:

Лауазымдық міндеттері:

Әр баланың жеке тұлғасын дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді, осы негізде психологтың ұсыныстары мен олармен түзету-дамыту жұмысын (топпен немесе жеке) жоспарлайды және жүргізеді. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді. Тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады. Оларға оқуда, бос уақытын ұйымдастыруда және қосымша білім алуда көмек көрсетеді. Сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шаралар өткізеді, олардың ұйымда болу уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болады. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүкәммалдың, оқу жабдықтарының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, бағалау жүргізеді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді. Белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын және тапсырылуын қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика мен психологияның негіздерін, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, арнайы педагогиканы, психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, санитарлық ережелер мен нормалар.

педагогика және психология негіздері;

өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің, арнайы педагогиканың, психологияның мемлекеттік стандарты;

педагогикалық әдеп нормалары;

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: «арнайы педагогика» қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: «Арнайы педагогика» қосымша білімі бар техникалық және кәсіптік білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс, бұдан басқа: тұлғаға бағдарланған тәрбие мен оқыту технологияларын меңгеру; әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибе мектептерінің жұмысына қатысу, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнайы педагогика» қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбиеленушілердің жасын және оларға сараланған көзқарасты ескере отырып, тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлей білуі, тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын меңгеруі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнайы педагогика» қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеруі, тәрбиенің жаңа педагогикалық технологияларын, әдістемелерін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуі, әдістемелік ұсынымдарды немесе ғылыми жарияланымдарды кейіннен шығара отырып, озық педагогикалық тәжірибені жинақтауы, тәрбие саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарды басқаруы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнайы педагогика» қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тұлғаға бағдарланған тәрбие мен оқыту технологияларын меңгеруі, тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, білім беру ұйымы шеңберінде озық тәжірибе мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнайы педагогика» қосымша білімі бар техникалық және кәсіптік білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) олардың жасы мен сараланған тәсілін ескере отырып, тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлей білуі, тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын меңгеруі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнайы педагогика» қосымша білімі бар техникалық және кәсіптік білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеруі, тәрбиенің жаңа педагогикалық технологияларын, әдістемелерін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуі, әдістемелік ұсынымдарды немесе ғылыми жарияланымдарды кейіннен шығара отырып, озық педагогикалық тәжірибені жинақтауы, тәрбие саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарды басқаруы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнайы педагогика» қосымша білімі бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 04 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекке дейінгі аралықта.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрде жібереді:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып – болған жағдайда);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 12, 13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.

Үміткер бар болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) ұсынады.

Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылауға арналған байланыс телефоны: 8-714333-46-47

Құжаттар электрондық форматта https://hr-nobd.edu.kz/ сайтта қабылданады