Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (арнайы білім беру ұйымы директорының орынбасары) бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды

  1. Орналасқан жері: Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 111200, Промышленная көшесі, 11. Тел. 87143334647, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  2. Конкурс оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасарының бос лауазымына 36 сағат ставкасы үшін 192190 теңгеден бастап еңбекақы төлей отырып өткізіледі.
  3. Құжаттарды қабылдау мерзімі-2025 жылғы 24 шілдеден 04 тамызды қоса алғанда.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • Педагогикалық ұжым қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.
  • Педагогтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді.
  • Білім беру процесінің сапасын және оқушылардың оқыту нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады. Оқущылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады.
  • Оқу сабақтарының және оқу қызметінің басқа да түрлерінің кестесін жасайды.
  • Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
  • Тәлімгерлікті, әдістемелік жұмысты ұйымдастырады.
  • Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдайды, эксперименттік қызметтің нәтижелерін қорытады, педагогтардың тиімді тәжірибесін таратуға жәрдемдеседі.
  • Мектепішілік бақылауды ұйымдастырады.
  • Оқушылардың білім сапасына талдау бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан ішіндегі жиынтық бағалау негізінде жүргізеді.
  • Педагогтарға біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
  • Оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинетті, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша жұмысты үйлестіреді.
  • Жыл сайын пән мұғалімдерімен бірге баламалы оқулықтарды таңдайды.
  • Оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыруды, оқушылардың арнайы бағдарламаларын жасауды қамтамасыз етеді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау бойынша жұмысты үйлестіреді.
  • Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады.
  • Пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • Белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
  • Инклюзивті білім беру қағидатын дамытады.
  • Оқушы педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын тәрбиелейді.

Білуі керек:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;
  • педагогика және психология негіздері;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
  • арнаулы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
  • экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық ережелер мен нормалар.
  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Арнайы білім» (Дефектология) бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2023 жылғы 10 тамыздан бастап 18 тамызды қоса алумен.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);

4) педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)

10) Педагог білімі негіздерінің сертификаты (бұдан әрі – ПБН), педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.

Кандидат бар болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) ұсынады.

Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8-714333-46-47