- Орналасқан жері: Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 111200, Промышленная көшесі, 11, тел 87143334647,
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. - Конкурс тәрбиешінің бос лауазымына 25 сағатқа 117508 теңгеден еңбекақы төленеді. Негізгі функционалдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттері:
Әр баланың жеке тұлғасын дамыту мақсатында тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді, олармен түзету-дамыту жұмысын жоспарлайды және жүргізеді (топпен немесе жеке);
Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмыс;
Тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады;
Оларға оқуда, бос уақытын ұйымдастыруда және қосымша білім алуда көмек көрсетеді;
Сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді;
Тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Медицина қызметкерлерімен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шаралар өткізеді, тәрбиеленушілердің ұйымда болу уақытында олардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болады;
Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді;
Топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүкәммалдың, оқу жабдықтарының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, бағалау жүргізеді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;
Белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
Интернаттық ұйымның аға тәрбиешісінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмысына басшылық жасайды, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға жәрдемдеседі.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
Педагогика және психология негіздері;
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің, арнайы педагогиканың, психологияның мемлекеттік стандарты;
Педагогикалық этика нормалары;
Педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Арнайы педагогика» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) орта және жоғары біліктілік деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі;
және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап 27 ақпанға дейінгі аралықта.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрде жібереді:
1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып – болған жағдайда);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 12, 13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.
Үміткер бар болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) ұсынады.
Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Ақпаратты нақтылауға арналған байланыс телефоны: 8-714333-46-47
Құжаттар электрондық форматта https://hr-nobd.edu.kz/ сайтта қабылданады.