Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ математика мұғалімінің бос лауазымына апталық жүктемемен 20 сағат конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Орналасқан жері: Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 111200, Промышленная көшесі, 11, тел 87143334647,
Конкурс математика мұғалімінің бос лауазымына 16 сағаттан 145116 теңгеге еңбекақы төлеумен өткізіледі.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқушылар контингентінің және оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Оқушының жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі, оқу процесінде түзету жұмысын жүзеге асырады. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады. Оқытылатын пән бойынша қажетті жоспарларды жасайды. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық технологияларды да меңгерген. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, іскерлік пен дағды алуын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуына жауапты болады. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген. Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен байланысты жүзеге асырады. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін қолдайды. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. Оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Білім туралы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, педагогика және психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және басқа да нормативтік құқықтық актілер, арнайы педагогика, арнайы психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, еңбек, қаржы-шаруашылық қызметі туралы заңнаманың негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім. Арнайы білім беру ұйымының еңбекті оқыту, музыка және ән салу, түзету ырғағы, бейімделген дене шынықтыру мұғалімдерінің оқытылатын пән бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімі болуы тиіс.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: пәнді оқыту әдістемесін дербес әзірлей білуі, оқу процесінде түзету жұмысын жүзеге асыра білуі, белсенді оқытудың нысандары мен әдістерін пайдалана білуі, білім алушылармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыра білуі керек; оқу-тәрбие, түзеу-дамыту процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге, білім беру мекемесі шеңберінде шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибе мектептерінің жұмысына белсенді қатысуға міндетті.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік, түзету-дамыту жұмыстарын талдау әдістемелерін меңгеруі тиіс; оқытудың жеке бағдарламаларын жасау және іске асыру, шығармашылық семинарларды, шығармашылық топтардың жұмысын басқара білу, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуі, өз пәні бойынша эксперименттік тапсырмалар құрастыруы, арнайы білім беру саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу бойынша шығармашылық топтарды басқаруы, арнайы білім беру проблемалары бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдар болуға тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап 16 қыркүйекке дейінгі аралықта.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрде жібереді:
1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып – болған жағдайда);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы.
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.
Үміткер бар болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) ұсынады.
Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Ақпаратты нақтылауға арналған байланыс телефоны: 8-714333-46-47
Құжаттар электрондық форматта https://hr-nobd.edu.kz/ сайтта қабылданады