Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/lis-internat1974.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2021 жылғы 15 сәуірдегі №129/НҚ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ-да 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2022 жылғы 01 маусымнан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде барлығы – 33 қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы – 2 қызмет;

«SAKURA-электрондық мектеп» ақпараттық жүйе арқылы – 23 қызмет.

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» қызметі – барлығы 19 қызмет.

Ай сайын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ азаматтарға көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп береді.

Азаматтар мемлекеттік қызметтерді алуға ақпараттық жүйелер арқылы өтініш бере алатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ халыққа мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

  1. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (жауапты орындаушы – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, тел. 87143339152);

  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау (жауапты орындаушы – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, тел. 87143339152);

  3. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтарға/сыныптарға) қабылдау (жауапты орындаушы – хатшы, тел. 87143334647);

  4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдарға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау (жауапты орындаушы – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, тел. 87143339152).